«Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақтарды жоспарлау» тақырыбында вебинар
2020 жылдың 02 қазанда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақтарды жоспарлау» тақырыбында вебинар өткізді.
Аталған шарада орталық әдіскері Е.Куангалиев «Білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар» тақырыбында түсіндірме жүргізді. «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы» МИ-ның қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері С.Трусбекова мен А.Бесбаева «Білім сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы» және №15 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Қ.Алдабергенова «Критериалды бағалау-мақсатқа қол жеткізу жолында» тақырыбында таныстыру жұмыстарын жүргізсе, Талдықорған қаласындағы №13 ОМ (арнаулы сыныптарымен) педагог-дефектологы А.Алимгазинова «Көмекші арнаулы сыныптарға қысқа мерзімді жоспарды құру үлгісі» тақырыбында шебер-класс өткізді. Іс-шараға 50 педагог қамтылды.