«Бірлескен жұмыс қалай нәтижелі болады?» тақырыбында онлайн-кеңес
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 06 қазаны күні «Нәтижесі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы» жобасын іске асыру мақсатында «Бірлескен жұмыс қалай нәтижелі болады?» тақырыбында онлайн-кеңес өткізді. Жобаға тірек мектептері ретінде бекітілген Қапшағай қаласы №3 орта мектебі және Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы мен №28 ІТ мектеп-лицейінің директорлары, директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева қатысушылармен бірлескен жоспарды талқылап, оны іске асыру жолдарын қарастырды.