A - Размер шрифта A +

««Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесі» тақырыбында вебинар

2020 жылдың 08 қазанда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ««Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесі» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қуанғалиев Елжан Шамғонұлы  қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттар мен мектеп жанындағы интернаттар педагогтарына автоматтандырылған ақпараттық білім беру «Күнделік» жүйесі, электрондық құжат айналымдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Түлеубекқызы Гүлім «Kundelik.kz жүйесін қалай қолдануға болады» тақырыбында таныстырылым өткізді. Аталған шараға 80 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка