A - Размер шрифта A +

«Оқу сапасын жақсарту» тақырыбында вебинар

Ағымдағы  жылдың 09 қазанында  аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері  мен бастауыш сынып бойынша пән ассоциация мүшелерінің қатысуымен қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруда  «Оқу сапасын жақсарту» тақырыбында  вебинар өтті.  Вебинар барысында Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ  бастауыш сынып мұғалімі Г.Абдрахимова, Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Ермахашова, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ОМ бастауыш сынып мұғалімі И.Жамалова  өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Қ.Сулейменова пән мұғалімдерінің Ассоциациясы ережесімен таныстырды. Аталған шараға 41 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка