«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында кәсіби әңгіме
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығы Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, 2020 жылдың 12 қазан күні жалпы білім беру ұйымдары басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру»тақырыбында кәсіби әңгіме өткізді. Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері А.Бипажанова іс – әрекеттегі зерттеу нәтижесі бойынша шығарылған әдістемелік нұсқаулыққа шолу жасады. Орталықтың аға менеджері Б.Сайфуллақызы мектепішілік бақылауды жоспарлаудың ерекшеліктеріне тоқталып, Іле ауданы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп директоры А.Уалибаева мектепішілік бақылауды жүргізудегі өз тәжірибесімен бөлісті. Мектепішілік бақылауға қатысты сұрақтар төңірегінде қатысушылармен кәсіби сұхбат жүргізілді.