«WorldSkills» – құзыреттілік пен кәсіпқойлықты дамытудың негізі»
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен бірлесе отырып, «WorldSkills» – құзыреттілік пен кәсіпқойлықты дамытудың негізі» аттыөңіраралық іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды. Вебинарда Шығыс Қазақстан және Алматы облысының 200 инженер-педагогі «Ақпараттық жүйелер», «Радиоэлектроника және байланыс», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша құзыреттілікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.