A - Размер шрифта A +

TED конференция

 

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  2020 жылдың 23 қазанында  «Табысты оқуға ынталандыру» тақырыбындағы TED конференция online  режимінде  өтті. Аталған шараға білім басқармасының басшысы М.Омарова, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Қабдұлова, республикалық «Үздік педагог» атағының иегерлері: Б.Молбаев, М.Буланов, облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының бас жүлдегерлері: А.Тұрсынбаев, А.Қаймұханов және 250-ден астам жас мұғалімдер, тәлімгерлер, әдіскерлер қатысты. Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында өткен конференцияда  облыстың тәлімгер ұстаздары мен жас педагогтар өз идеяларын, жобаларын, шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, тәжірибе бөлісті.  

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка