A - Размер шрифта A +

«Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбында вебинар

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы ОМГ, Бірлік ОМ, Д.Қонаев атындағы магниттік мектеп мұғалімдерімен «Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбында вебинар өткізді. Гимназия менеджері Ж.Б.Инкарбекова дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру мен «Мирас» ғылыми қоғамының жұмысымен таныстырды. Вебинарда физика пәні мұғалімі А.Ажмұхамбетова «Физика сабағында жобалау әдісін қолдану арқылы оқушының қызығушылығын ояту» және шетел тілі пәні мұғалімі А.Құсбатырова «Дарынды оқушыларды ағылшын тілі пәнінен олимпиада және ғылыми жоба конкурсына дайындау» тақырыптарында жетістікке жету жолындағы тың идеяларымен бөлісті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка