A - Размер шрифта A +

«Жаңартылған бағдарлама аясында мектепалды даярлық сыныбында (тобы) тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар

2020 жылғы 30 қазанда Алматы облысының білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепалды даярлық сыныбы педагогтарына тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру, стандарт талаптарындағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша «Жаңартылған бағдарлама аясында мектепалды даярлық сыныбында (тобы) тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Іс-шара барысында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының аға сарапшысы Ж.Бликова мен облыстық оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Р.Тумаева мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Б.Бикембаева оқу қызметін жоспарлауда SMART мақсатының тиімділігі туралы, Қаратал аудандық әдістемелік орталық әдіскері А.Калиева мектепалды даярлық сыныптары педагогтарын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етубойынша тәжірибелерімен  бөлісті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка