Каникулдық мектеп
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы аясында каникулдық мектеп жұмысын бастады. Қапшағай қаласы №3 ресурстық орталығы (ОМ) магниттік мектептерінің педагогтарына педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтарова Жанагүл Жұмамұратқызы «Қашықтықтан оқыту барысында білім сапасын жақсартудың мүмкіндіктері» тақырыбында шебер-класс өткізді. Аталған шарада Ж.Тоқтарова Padlet онлайн тақтасы мен Quizlet бағдарламасында жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетті.