A - Размер шрифта A +

Әдістемелік қолдау көрсету

Ағымдағы жылдың 09 қарашасында облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығы  қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында каникулдық мектеп жұмысын жүргізуде. Аталған шара аясында  «Критериалды бағалау – оқу жетістігінің өлшемі» тақырыбында вебинар өткізді. Жұмыс барысында Қапшағай қаласы ОМГ бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып бойынша облыс  тренері С.Мухаметжанова, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 ОМ бастауыш сынып мұғалімі  Б.Акырбаева, Ескелді ауданы  Ш.Уалиханов ОМГ бастауыш сынып мұғалімі А.Баймұханбетова  оқу үдерісінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға 119 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка