A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту әдістемелік орталығының «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Қапшағай қаласы  орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі      К.Умарова  а.ж. 9 қарашасында Кеген ауданы магниттік мектептерінің педагогтарына  (№3 Кеген орта мектеп лицейі, C.Серкебаев атындағы орта мектеп гимназиясы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептері) «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда  К.Умарова  жеке оқушының даму жетістігін бақылау, сапалы бағалау құралдарын қолдану, оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты жүргізу  ерекшеліктеріне назар аударды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка