A - Размер шрифта A +

«Білім беру ұйымы қызметін басқару мен ұйымдастыру» тақырыбында вебинар

   «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Талдықорған қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатыәкімшілігі«Білім беру ұйымы қызметін басқару мен ұйымдастыру»  тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда лицей директоры Б.Рысбеков қашықтықтан оқытуда білім беру ұйымы қызметін тиімді ұйымдастыру, оқушыларды олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми жобаларға дайындау, сонымен қатар "WISEFULL" халықаралық психологиялық орталығымен бірлескен жұмыстары бойынша лицей тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға Қаратал  ауданы (Б.Римова атындағы ОМГ, С.Морозов атындағы ОМГ, М.Горький атындағы ОМ), Кербұлақ ауданы (Күреңбел ҚОМ, Ш.Уалиханов атындағы ОМ, Қарашоқы ОМ), Панфилов ауданы (Әулиеағаш ОМ, Жамбыл атындағы ОМ, А.Розыбакиев атындағы  ОМ) орта мектептері  мен дарынды балаларға арналған лицей, гимназия  әкімшілігі қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка