Веб-конференция
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Жаңартылған бағдарлама аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары» жобасы аясында каникулдық мектеп жұмысын жалғастыруда. Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында веб-конференцияда Алматы қаласы «ТЭТРА КZ» қосымша білім беру орталығының директоры М.Омарова стандарттық емес логикалық есептерді түсіндіріп, мұғалімдермен практикалық жұмыс жүргізді. Веб – конференцияға қатысқан 100 педагог ойландырған сұрақтарына жауап ала алды.