" Инфографика – оқу сауаттылығын дамытудың тиімді тәсілі " тақырыбында вебинар
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ассоциациясының каникулдық мектебі " Инфографика – оқу сауаттылығын дамытудың тиімді тәсілі " тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда Сарқан ауданы Абай атындағы ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Н.Максименко мен Текелі қаласы №6 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Н.Ю.Дегтярева инфографикамен практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынды. Вебинарға облыстық 55 орыс тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері қатысты.