Каникулдық мектеп
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы биология пәні ассоциациясының каникулдық мектебі «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында вебинар өткізді. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің биология пәні мұғалімі Д. Муталив және Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының биология пәні мұғалімі У.Сарсенбаева PISA тапсырмаларын құрастыруда өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға 70 педагог қатысты.