A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында облыстық вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі 2020 жылдың 12 қарашасында «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды. Вебинарда қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру, онлайн сабақ жоспарын құру және бейнематериалды дайындау тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар колледж оқытушылары синхронды форматта өтетін сабақтардың сілтемесін берді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка