A - Размер шрифта A +

«Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыбында вебинар

2020 жылдың 12 қарашасында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Лидер» мектеп-интернаттары пән мұғалімдері ассоциациясының каникулдық мектебі облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда  Текелі қаласының №8 орта мектебінің (арнаулы сыныптармен) география пәнінің мұғалімі Е.Шадринцева жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды критериалды бағалау ерекшеліктері туралы таныстырылым көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Е.Қуанғалиев «Лидер» мектеп-интернаттары пән мұғалімдерінің ассоциациясының жұмысын таныстырып өтті. Барлығы 80 педагог қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка