Веб – конференция
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Арифметикалық логика» жобасы аясында каникулдық мектеп жұмысын жалғастыруда. Облыстық математика пән мұғалімдерінің ассоцация мүшелері: әл-Фараби атындағы ДБАГ математика пәні мұғалімі Г.Оразәлі, Іле ауданы №44 ОМ математика пәні мұғалімі Х.Тауекел және Қарғалы №2 ДБАГ математика пәні мұғалімі Б.Халимбетов логикалық есептерді шешу және тез есептеу жолдарын қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Веб – конференцияға 100 педагог қатысты.