A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан oқытуды жocпарлау, ұйымдастыру, басшылық eту, кooрдинациялау, бақылау» тақырыбында вебинар

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің  режимі» жобасы аясында «Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» директорының  оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Турулов «Қашықтықтан oқытуды  жocпарлау, ұйымдастыру, басшылық eту, кooрдинациялау, бақылау» тақырыбында  а.ж 11,13 қараша күндері  магниттік мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында вебинар өткізді. Аталған шараға  Еңбекшіқазақ ауданы (Д.Қонаев ат. ОМ, Әл-Фарби  ат. ОМ, Шелек №1 ОМ), Іле ауданы (№12 ОМ, К.Әзірбаев ат. №15 ОМ, №28 МГ), Жамбыл ауданы (А.Қарсақбаев ат.ОМ, Ә.Бейсеуов ат.ОМ, Жамбыл ат.ОМ) магниттік мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Спикер академиялық жоспар, «Checklist» апталық қадағалау, Edupage/ZOOM платформаларында жұмыс істеу  тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылармен бірге қашықтықтан оқытуды жоспарлау барысында туындаған қиындықтарды ортаға салып, оның шешу жолдарын бірге талдады.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка