A - Размер шрифта A +

«9 сынып бойынша Python программалау тілінде жұмыс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында оқыту вебинары

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 19 қарашасында              «9 сынып бойынша Python программалау тілінде  жұмыс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Адильбаева Ардак Муратовна информатика пәні мұғалімдеріне Python программасының қолдану ерекшеліктерімен таныстырды. Ескелді ауданы Қаратал ОМ информатика пәні мұғалім К.Михов Кирил Иванович «Массивтер» тақырыбын түсіндірсе,  Талдықорған қаласы Ломоносов атындағы №5 ОМЛ информатика пәні мұғалімі А.Мухамедиева «Бір өлшемді массив» тақырыбы бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Қаратал ауданы Қошқарбаев атындағы орта мектебінің  информатика пәні мұғалімі А.Серубай PyGame (пайгейм) кітапханасын көрсетіп, тәжірибесін ортаға салды. Вебинарға барлығы 100 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка