Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету құрылымы вебинары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға уақытылы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету құрылымымен таныстыру, ОПМПК- ға орта білім беру ұйымы тарапынан берілетін мінездемеге қойылатын талаптарды талқылау мақсатында вебинар өткізілді. Аталған шарада облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталық әдіскері Д.Кыдыкенова ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыста сүйенетін нормативтік құжаттарымен таныстырып өтті. Қаратал ауданы №3ППТК мамандары ПППТК жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету құрылымына толық тоқталып, №3ППТК меңгерушісі А.Н.Исхакова балаға жазылатын мінездемеге қойылатын талаптар жайында ақпарат берді. Қаратал, Көксу аудандарының психологтарының ұсыныстары қабылданып, кері байланыс берілді.