Вебинар
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы оқу-тәрбие процесі барысында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде кәсіби дамуына жағдай жасау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту мақсатында құрылған жас директорлар ( жаңадан тағайындалған жас директорлар мен мектеп директоры резерві) Ассоциациясының алғашқы отырысы өткізілді. Отырыс барысында Ассоциация және сараптамалық кеңес туралы ережелері таныстырылды. Отырыста кәсіби сұқбат жүргізіліп, ассоциация мүшелерінің қажеттіліктері анықталды.