A - Размер шрифта A +

«Педагогты әдістемелік қолдау» біліктілікті арттыру курсы

      «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» - деген тамаша рефлексияны ұлы Абай 15 қара сөзінде айтқан. Ағымдағы жылдың 9-17 қараша аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясының «Педагогті әдістемелік қолдау» тақырыбында ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсы жайлы пікір білдіргіміз келеді. 6 модульді қамтыған курс барысында педагогтің әдістемелік қызметі және оларды қолдау, білім беру жүйесінің іс-әрекетін реттейтін нормативтік құжаттар, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі, ғылыми-зерттеу қызметі, мектептегі критериалды бағалау технологиясы, табысты педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау бөлімдері бойынша теориялық ақпараттар алып, практикалық білімді zoоm платформасында талқылау жұмыстары негізінде өткердік. Практикалық талқылауда спикерлердің, ой бөліскен әріптестердің пікірлері менің білім кеңістігімді өте құнды мәліметтермен толықтырды. Әр модульде қарастырылған тақырыптар мазмұнды, ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктері кеңінен ұсынылған. Практикалық тапсырманың түрлі форматта ұсынылуы, алдағы уақытта тәжірибемізге қолдану үшін айтарлықтай ой туындатты. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген Жүсіпбек Аймауытов педагогтің күнделікті тәжірибелік ізенісі жаңашылдыққа жол салатынын жеткізген. Бүгінгі педагог құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту, тәрбиелеу, дамытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін меңгеру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, тәжірибе тарату жұмыстары арқылы түрлі оқытудың инновациялық тәсілдерін ұсынады. Дәл осы әрекеттерді зерттейтін, сараптайтын, басқару арқылы жүзеге асыратын - әдіскер. Бұл бағыттағы жұмыстарды Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік 2013 жылдан бері үздіксіз жүргізіп келеді. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу қызметі, критериалды бағалау технологиясы, табысты педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау бөлімдері де өзекті болды. Курс лекторларының нақты практикадан келтірген мысалдары, қазақстандық білім беру жүйесін қалыптастырған ұлы тұлғалардың еңбектері, мұғалімдермен ынтымақтастықта жүргізілетін жұмыстар әдіскерлердің кәсіби тұрғыдан дамуына негіз екенін тағы бір мәрте айқындап берді. Білім берудің өзекті мәселелерін қозғаған курс ұйымдастырушыларына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка