A - Размер шрифта A +

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ» республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы мен «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ бірлескен шығыстың ұлы ойшылы       әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Конференцияның мақсаты әл-Фарабидің әлемдік мәдениеттегі рөлі мен орнын талқылау үшін диалог алаңын құру, тұлғаның өз халқының мәдениетін, өнерін, білімін  дамытуға әсерін дәріптеу. Конференция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Қайыпбаева Айгүл Тоқтарбайқызы,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия ғылымдарының докторы, профессор, фарабитанушы Алтаев Жақыпбек Алтаевич, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті докторанты, түркітанушы Тұяқбаев Өмір Оразұлы,Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ахмет Ясауи атындағы «Дінтану» ғылыми-сараптамалық және әдістемелік орталығының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор  Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы және сонымен қатар мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдарынан 500 педагог қатысты. Іс шара барысында ғалымдар шығыстың ғұлама ойшылы, әмбебап ғалым әл-Фарабидің әлем өркениетіне қосқан үлесі, рухани мұрасы, хакімдігі жөнінде сөз қозғап, ой бөлісті. Конференция  жұмысы тәжірибелік алаңда жалғасып, республиканың мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары әл-Фараби еңбектерін тарату мен дәріптеуде өз тәжірибелерін ортаға салды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка