A - Размер шрифта A +

Жас мамандардың педагогикалық дебюті

2020 жылы 27 қарашасында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жас педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында «Педагогикалық дебют» атты облыстық байқау өткізді. Байқауға қатысушы педагогтардың педагогикалық ерекшеліктерінің тұсаукесері«Мен сияқты жаса...»бейнеролигі мен «ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарында жүргізіліп жатқан телесабақтар нұсқасында жасалған сабақтары қаралды. Байқауға 19 жас маман қатысуға ұсыным білдірді.  

Байқаудың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Д.Т.Туремуратова, Сарқан ауданы Абай атындағы ОМГ бастауыш сынып мұғалімі;

1 орын – Г.А.Болат, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

2 орын – А.М.Қальякпарова, Қаратал ауданы Кәлпе ОМ педагог-логопеды;       

2 орын – Қ.Мәдениет, Талдықорған қаласы №28 ІТ МЛ физика пәнінің мұғалімі;

3 орын – А.С.Альпейсова, Алакөл ауданы М.Мынбайұлы атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

3 орын -  К.С.Алиева,  Қарасай ауданы   Абай ауылы ОМ информатика пәнінің мұғалімі;

3 орын – А.Н.Нурманова, Балқаш Ақдала ОМ бастауыш  сынып мұғалімі;

3 орын – А.Сатыбалдиева, Панфилов ауданы Абай атындағы ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Номинациялар иегерлері:

 «Креативті ұстаз» - А.Е.Қимадиева, Қапшағай қаласы Д.А.Қонаев атындағы           №1 ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі;

«Ізденімпаз ұстаз» номинациясын - А.Е.Ізікен, Жамбыл   ауданы Қарғалы №3 ОМ физика пәнінің мұғалімі иеленді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка