«Үздік педагог-2020» облыстық байқауы
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі мен Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, «Үздік педагог-2020» облыстық байқауының жеңімпазы Жеткізгенқызы Гүлсая «Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіруде белсенді әдістер» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарында іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинарда колледждің әлеуметтік серіктестері «Беккер и К» және «Honmil» жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің мамандары нарықтың негізгі трендтерін тәжірибеге енгізу және өндірістегі заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін ұсынды.