A - Размер шрифта A +

Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы

Облыстық  білім беруді   дамыту   оқу-әдістемелік   орталығының ұйымдастыруымен «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауы өтті.

      Байқаудың облыстық кезеңіне zoom платформасында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 19 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

      Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Мектептің табысты менеджері», «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» және алғыс хаттарымен марапаттады.

І орын – Т.Сайбырова, Қарасай ауданы  Абай атындағы орта мектеп гимназия директоры;

ІІ  орын – З.Тілеубекова, Ақсу ауданы Матай орта мектебінің директоры;

ІІ орын – Б.Букаева, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі №1орта  мектеп  директоры;

ІІІ орын – Қ.Сарқытов Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназия  директоры;

ІІІ орын – А. Касымова,  Іле ауданы  Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп директоры;

ІІІ орын –  А.Аханова, Алакөл ауданы М.Мыңбайұлы атындағы  орта мектеп директоры;

ІІІ орын –  А.Кенжебаева Жамбыл ауданы Қасымбек  орта мектебінің директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы – Л.Усербаева, Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы  орта мектеп директоры;

 «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» номинациясы – Ж.Кожахметова, Кербұлақ ауданы Аралтөбе  орта   мектебінің директоры.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка