A - Размер шрифта A +

Республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинары

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Ж.Мусин  атындағы Көкшетау жоғары қазақ  педагогикалық колледжі бірлесіп 2020 жылдың 23 желтоқсанында  «Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу тәжірибесі: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинарын  өткізді.

Вебинарда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің  директоры Ахат Нұртас Ахатұлы қолданбалы бакалавриат бағдарламасының шетелдік оқу орындарындағы  ерекшелігіне, колледждің  мамандарды қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін тәжірибе арқылы көрсетсе,  директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы интеграцияланған оқу-жұмыс бағдарламасының ерекшелігін, кредит санын, білім алушылардың оқу үлгерімін бақылау шарттарын және қорытынды бағалаудың базасын ұсынды.

Алматы облысының  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы "Жаңа талаптың-жаңа біліктілігі" жобасының негізінде атқарылған жұмыстардың өзіндік мүмкіндіктерімен бөліссе, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Курабалдиева Клара Бабашқызы педагогтердің шығармашылық ізденісінің негізінде  әзірленген   силлабустарды ұсынды.

Тәжірибелік алаң барысында Ж.Мусин  атындағы Көкшетау жоғары қазақ  педагогикалық колледжінен 3 оқытушы, Алматы облысынан 5 оқытушы біліктілікті игертуде жүргізіліп отырған жұмыстар бойынша тәжірибе  бөлісті. Вебинарға   облыс колледждерімен бірге Нұр-сұлтан, Қызылорда, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Тараз қалаларындағы педагогикалық колледждер және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мамандары да қатысты. 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка