A - Размер шрифта A +

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Жаңартылған білім беру мазмұны  жағдайында оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында химия  пәні оқытушыларына арналған облыстық вебинар ұйымдастырды.

Вебинарда  Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің химия пәнінің оқытушысы Бериккайрова Гулнур Муратовна, Талғар медициналық колледжінің химия пәнінің оқытушысы Алыкпашева Асем Бакытовна, Талдықорған сервис және технология колледжінің химия пәнінің оқытушысы Каримбаева Айжан Жанадиловна, Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің химия пәнінің оқытушысы Исова Меруерт Жаканбаевна, Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжінің химия пәнінің оқытушысы Валиева Алмагул Азатовна тәжірибелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру  жолдарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка