A - Размер шрифта A +

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында қысқы каникулдық мектебі

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Жетісу шыңы» география пәні ассоциациясы мүшелері «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында қысқы каникулдық мектебі жұмысын жүргізді. География пәні әдіскері Ғ.Дихамбаев оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыруға баса  назар аудару керектігін атап өтті.

 5 қаңтарда ассоциация мүшелері Л.Токарева мен Н.Сундетбеков "Әлеуметтік география" бөлімі,  6 қаңтарда С.Қыдырманов пен Ж.Утегенова "Экономикалық география", 8 қаңтарда Ф.Махаметкеримова мен Т.Мухамедова  "Елтану және саяси география негіздері", "Дүниежүзі елдері" бөлімдері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды құру жолдарымен таныстырды. «Жетісу шыңы» география пәні ассоциациясы төрайымы С. Оралбаева қысқы каникулдық мектебі аясында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Қысқы каникул мектебі жұмысына 255 педагог қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка