A - Размер шрифта A +

Әдістемелік кеңес

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім   бөлімі   2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылы 06 қаңтарда кезекті әдістемелік кеңес  өткізді. Кеңестің күн тәртібінде арнайы пәндерді оқытуда пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудың жүзеге асырылуын мониторинглеу қорытындысы туралы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Ш.Исаханова, «Қолданбалы бакалавриат» бағдарламасының жүзеге асырылуын мониторинглеу қорытындысы туралы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Э.Асанова, оқу орнының «Жас маман» жобасын іске асырудағы басты ұстанымы жөнінде Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар  колледжінің әдіскері                  А.Дуйсенбаева, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Ж.Атшабарова «КМ-02. Газ жалынымен пісіру» авторлық бағдарламасымен таныстырды. Кеңеске  60 әдіскер қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка