A - Размер шрифта A +

«Функционалдық сауаттылықты арттыруға негізділген тапсырмаларды құру және сабақта пайдалану жолдары» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасын іске асыруда қысқы  каникул мектебінде Қапшағай қаласы №3 ресурстық орталығы (ОМ)  магниттік мектептер және облыстағы ШЖМ педагогтеріне «Функционалдық сауаттылықты арттыруға негізділген тапсырмаларды құру және сабақта пайдалану жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Қоспаева оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған  тапсырмаларын, Ж.Тоқтарова Padlet онлайн тақтасымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімі Л.Болсынбекова дүниетану сабағында экономикалық сауаттылықты қалыптастыру және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Бопешбаева мен А.Артықбаева мәтінмен жұмыс жасау түрлерін ұсынды. Қатысушы педагогтер іс-шараның тиімділігі туралы кері байланыстар берді. Вебинарға 85 педагог қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка