A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқытудағы бірлескен зерттеу: кедергілер және даму тетіктері» тақырыбында вебинар

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен 2020 жылы 9 желтоқсанында бірлескен сабақты зерттеу тобының тәжірибесін тарату мақсатында  жаңадан тағайындалған мектеп  директорлары мен резервтеріне «Қашықтықтан оқытудағы бірлескен зерттеу: кедергілер және даму тетіктері» тақырыбында  вебинар өткізді. Вебинарға Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Ғ.Толықбаева қатысушылармен VUCA  қандай әлем? Мұндай жағдайда мектепті қалай басқару керек?  деген сұрақтар төңірегінде кәсіби сұхбат жүргізді.   Тәжірибе алаңында бірлескен сабақты зерттеу тобының мүшелері: Талдықорған қаласы №22 орта мектептің директоры Г.Ақшолақова, Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп гимназиясының директорының орынбасары З.Жетпісбаева бірлескен топтың   тәжірибесімен бөліссе, Қарасай ауданы Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп  директоры Қ.Турсынова, Талғар ауданы №9 орта мектеп директорының орынбасары  С.Дүкенбаева  тәжірибе алмасуда Google classroom платформасының  тиімділігін  көрсетті. Ал Қарасай ауданы МДШО Ұлан орта мектебінің директоры Б.Аманова  қашықтықтан оқыту жағдайында  қосымша сандық ресурстарды қолданудың мүмкіндіктерін өз тәжірибесінен  ұсынды. Вебинар барысында сұрақтар алаңына келіп түскен  сауалдар талқыланып, қатысушылармен бірге қашықтықтан  сабақты зерттеуде кездескен кедергілерден шығу жолдары қарастырылды. Аталған іс-шараға 85 мектеп директоры мен резервтер қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка