A - Размер шрифта A +

Үздік тәжірибе алаңы

Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы                    2020 жылдың 11 желтоқсанында «Үздік педагог» конкурсының грант иегерлерінің тәжірибесін тарату мақсатында үздік тәжірибе алаңын өткізді. Алаң жұмысында: «Оқушылардың оқу сауаттылық деңгейін арттырудың тиімді тәсілі» - №28 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог -2020» атағының иегері Байгожина Индира Болатовна, «Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыруда нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдер» - Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елшиманова Гулдана Нурдиновна, «Грэм Гиббс» моделі-рефлексияның тиімді құралы - Талдықорған қаласы № 14 ОМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Үздік педагог -2018» атағының иегері Қабдыгалиева Айман Толепбергеновна, «Нәтижелі білім берудегі рефлексияның рөлі» - Қапшағай қаласы №3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог -2019» атағының иегері Коспаева Дания Кайыпбековна және «Жеті жетекші» бағдарламасы – ұлттық құндылықтың қайнар көзі» -  Іле ауданы №1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог -2014» атағының иегері Сарсенбаева Аян Кидиркожаевна тәжірибелерімен бөлісті.         Аталған шараға 150 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка