A - Размер шрифта A +

Вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS халықаралық зерттеулер аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында 2021 жылдың 20 қаңтарында вебинар өткізді. Аталған шарада Жамбыл облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық – әдістемелік қамтамасыз ету»  бөлімнің жетекшісі, облыс үйлестірушісі Ш.Жамалбекова халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын өз тәжірибесінен ұсынды. Тараз қаласы №24 гимназия директоры М.Гладченко  TIMSS халықаралық зерттеуіне оқушылар мен ата-аналарды дайындау барысында педагогикалық мониторингті жүргізудің маңыздылығын көрсетті. Жамбыл ауданы әкімдігінің  білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Бейбитова халықаралық зерттеулер аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы аудан  деңгейінде жүргізілген жұмыстарымен бөлісті. Вебинарға аудандық, қалалық әдістемелік орталығы әдіскерлері, табысты мектеп директорлары ассоциация мүшелері, мектеп директорының орынбасарлары, пәндер бойынша ассоциация мүшелері  қатысып, кері байланыс берді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка