«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасының іске асуы туралы жиын
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 21 қаңтарында «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасының іске асуы туралы жиын өтті. Жиынға аудандық, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, 8 дарынды балаларға арналған лицей, гимназия директоры және аудан, қалалардан бекітілген 54 мектеп директоры қатысты. Жиын барысында дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының тірек мектептермен І жарты жылдықта жүргізген жұмыстарына талдау жүргізіліп, жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар берілді.