A - Размер шрифта A +

Вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы   педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, қашықтықтан оқыту жағдайында ақпараттық-білім беру ортасын құру мақсатында 2021 жылы   22 қаңтарда  химия  пәні  мұғалімдеріне   арналған «Зертханалық жұмысты тиімді жүргізуде интернет платформаларын қолдану»  тақырыбында   Жамбыл ауданы  Еңбекшіарал орта мектебінің  химия  пәні мұғалімі Ж. Қадекұлы  өзінің іс  тәжірибесімен  бөлісті. 7-9 сыныптарда «Сұйылтылған қышқылдардың металдармен  әрекеттесуі» виртуалды зертханалық  жұмысы спиральды  білім беру қағидаты бойынша қарапайым тапсырмалардың  күрделі тапсырмаларға  ауысуын көрсетті.   «Bilim land»,       «Darn onlain»,   «Oiabs edu chemistry»,    «Nobok chemistry»,    «Phet   Colorado»  интернет  ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді  жүргізудің жолдарын  көрсетті. Вебинарға 100 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка