Әдістемелік кеңес
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес өткізді. Кеңестің күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім бөлімінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысы және 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мен кеңес мүшелері құрамын бекіту. Инженер-педагогтер ассоциациясының жұмысын жетілдіру, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын түсіндіру, сараптамалық кеңеске түскен авторлық бағдарламаларды бекіту мәселелері талқыланды. Кеңеске 60 әдіскер қатысты.