A - Размер шрифта A +

Вебинар

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Жас маман» жобасы аясында құрылған құзыреттілік орталығымен бірлесіп «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар» колледжі базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы  бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинар  аясында  «ECOBER»   компаниясының  өкілдері  «Аспаз»  мамандығы бойынша «Worldskills»  құзыреттілік  орталығына қойылған   заманауи құрылғылармен таныстырса,   Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шеберлері, «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жүлдегері А.Кабдулина және әлеуметтік серіктестер шебер-класс көрсетіп, «WorldSkills» тапсырмаларын орындау  және  бағалау өлшемшарттарын жүргізудің жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. «Аспаз ісі»құзыреттілігі  бойынша демонстрациялық емтихан 10 білім алушыменжүргізіліп, орындалған жұмыстарды  қатысушылар және қашықтықтан қосылған  Туркия, Ресей мемлекеттері мен  Нұр-сұлтан қаласындағы әлеуметтік серіктестер әлемдік чемпионат талаптарының негізінде бағалады. 10 өндірістік оқыту шебері  «WorldSkills» стандарттарының негізінде  модуль 3 бойынша «Еттен  әзірленген  тағамдар»  тақырыбында   тәжірибелік жұмыстарын орындады. Орындалған жұмыстарды  Ұлттық чемпионаттың эксперті Утепбергенова  Гүлнұр Агибайқызы «WorldSkills» стандартында қойылған талапқа сәйкес  бағалап, кері байланыс берді. Семинар соңында қатысушылар білікті кадрларды даярлау мен тәжірибені үздіксіз жетілдіру мақсатында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы ассоциациясын құру туралы ұсыныстарын білдірді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка