Оқыту вебинары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Жас маман» жобасының негізінде құрылған құзыреттілік орталығымен жұмысты жандандыру бағытында Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен бірлескен «ІТ және құрылыс» мамандықтары бойынша оқыту вебинарын ұйымдастырды. Вебинарда Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 6 оқытушысы «ІТ және құрылыс» мамандықтарының заманауи құрылғыларында орындалған жұмыстарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «WorldSkills» ұлттық чемпионатының эксперті Төкенова Гүлнар Сағидоллақызы демонстрациялық емтихан тапсырмаларын әзірлеу, бағалау өлшемшарттарын жүргізуді арнайы нормативтік құжаттар негізінде түсіндірсе, колледж оқытушысы Герман Андрей CIS жүйесінде жұмыс жүргізудің тәртібін үйретті. Үш күнге созылған оқыту вебинарында 300 инженер-педагог біліктілігін жетілдірді.