A - Размер шрифта A +

«PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын сабақта қолдану жолдары» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы аясында  «PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын сабақта қолдану жолдары» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара барысында Қапшағай қаласы №3 ОМ тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қалмұрзаева «Оқу сауаттылығына дайындаудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі», орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі С.Базаркулова «Оқушылардың функционалдық сауаттылыған қалыптастыру», математика пәні мұғалімі Б.Бердібаева «Математикалық сауаттылыққа арналған тапсырма түрлері және қолдану аясы», биология пәні мұғалімі Г.Татибаева «Биология сабағына арналған PISA тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыптарында шебер-класстар өткізді. Аталған шарада магниттік мектептер мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмалар түрлері мен сабақта қолдану жолдары көрсетілді. 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка