«Жаңартылған бағдарлама аясында пәнді оқытудың басымдықтары мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық вебинар
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Жаңартылған бағдарлама аясында пәнді оқытудың басымдықтары мен тәжірибесі»тақырыбында математика пәні оқытушыларына арналған облыстық вебинар ұйымдастырды.Вебинарда Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушысы А.Айткожина, Талғар политехникалық колледжінің оқытушысы А.Мынбаева, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің оқытушысы Р.Мусина , Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы М.Салкынбаева математика сабағында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдердін пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен ұсынды.