A - Размер шрифта A +
  • Жаңалықтар
  • Жарнама

Әдіскер шеберханасы

24.05.2014Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ақсу ауданы «Айжұлдыз» балабақшасы базасында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» атты әдіскер шеберханасы өтті.

Н.Зайцев әдістемесін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданудың тиімділігі

23.05.2018«Инновациялық қозғалыс» жобасы аясында облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасы базасында «Н.Зайцев әдістемесін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданудың тиімділігі» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, шағын орталықтар, жекеменшік балабақшалар тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы жаңа амалдар

22.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 22 мамыр күні Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайы базасында «Жазғы демалысты ұйымдастырудағы жаңа амалдар» тақырыбында жазғы қала сыртындағы лагерь директорлары, жалпы орта білім беру мекемелері директорларының тәрбие - ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог – ұйымдастырушыларға арналған облыстық оқыту семинары өткізілді.

Білімді жастар - ел болашағы

21.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеті мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі бірлескен жұмысы аясында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Фермер шаруашылығы», «Құқықтану», «Ақпараттық жүйелер», «Қаржы», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру» мамандықтарының арнайы пәндері бойынша облыстық олимпиада өтті.

Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018

17.05.2018Кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар бастауыш сынып мұғалімін анықтау және тәжірибе алмасу мақсатында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018» байқауы өтті. Байқауға 19 ауданнан бастауыш сынып мұғалімдері  қатысты

Үш тілде білім беру әдістемесі мен әдістері

17.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес  «Үш тілде білім беруді дамытудың 2017 – 2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында 2018 жылдың 17 мамырында Жамбыл ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы № 2 арнаулы гимназиясы базасында «Үш тілде білім беру әдістемесі мен әдістері»тақырыбында аймақтық  семинар-практикум өтті.

Жаңартылған мазмұнға сәйкес оқыту үрдісінде ақпараттық ресурстарды қолданудың тиімділігі

17.05.2018Оқыту үрдісінде ақпараттық ресурстарды қолданудың тиімді жолдарын ұсыну және жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған педагогтардың тәжірибесін тарату мақсатында Талдықорған қаласы № 10 орта мектеп-гимназиясы базасында әдістемелік панорама өтті. Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларынан 95 педагог 15 ашық сабақтар мен кәсіби сұхбат, коучинг, психологиялық тренингтерге қатысты.    

Психологиялық түзету дамытудың тиімді жолдары

15.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің  ұйымдастыруымен Талғар ауданы, №7 лицей базасында «Психологиялық түзету дамытудың  тиімді жолдары» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары әдістемелік көмек көрсету мақсатында аймақтық семинар өткізілді.  Аталған шараға  Талғар, Қарасай аудандарының орта білім беру ұйымдарының 71  педагог-психологтары  қатысты.

Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары

11.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің  ұйымдастыруымен Кербұлақ ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебі базасында «Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында аймақтық семинар өткізілді.  Аталған шараға  Кербұлақ, Көксу аудандарының орта білім беру ұйымдарының 60  логопед, дефектолог, педагог-психологтары  қатысты.

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

11.05.2018Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы «Білім-Инновация» лицейі базасында химия, биология, физика, информатика  пәндерін ағылшын тілінде оқытуда тілдік курстан өткен B1, В2 және С1 деңгейін меңгерген педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға» атты шебер-класс өтті.

Облыстық «Алаш арысы» байқауы

11.05.2018Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында «Алаш арысы» байқауы өтті. Іс-шараға аудандық (қалалық) кезеңнің 18 жеңімпазы қатысты. Байқаудың мақсаты - педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау. Байқаудың қорытындысы бойынша: І орын – Қаратал ауданы Г.Идрышева; ІІ орын - Көксу ауданы Д.Даирбекова мен Жамбыл ауданынан Л.Хамыткожаева; ІІІ орын – Панфилов ауданы О.Жумаханов, Іле ауданы А.Абдулин, Еңбекшіқазақ ауданынан А.Отарбаевалар иеленді. Номинация бойынша: «Креативті ұстаз» Д.Байдильдинов (Ақсу ауданы), «Ұшқыр ойлы тарихшы» номинациясын Д.Жанашев (Қарасай ауданы), «Тағылымды тарихшы» номинациясын С.Джумановлар (Ескелді ауданы) иеленді.  

Жаңартылған білім беру контексінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

11.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қаратал ауданы,   І.Есенберлин атындағы орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру контексінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы әдістемелік воркшоп өтті. Мақсаты – жаңартылған білім беру аясында мұғалімдердің шеберлігін шыңдау. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен дискуцссиялық алаң, ашық сабақтар жүргізілді. Аталған шараға 50 педагог қатысты.    

Инновациялық басқаруда педагогикалық менеджментті жетілдіру

11.05.2018Облыстық әдістемелік кабинетінің 2017-2019 жылдарға арналған  «Табысты басшы» жобасын іске асыру аясында Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайы базасында «Инновациялық басқаруда педагогикалық      менеджментті жетілдіру» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдары басшыларына арналған облыстық семинар өткізілді.      Семинар мақсаты: Мектепті инновациялық басқаруда педагогикалық  менеджментті  жетілдіру бойынша Талдықорған қаласы директорларының озық педагогикалық идеялары мен тәжірибелерін тарату. Аталған шараға облыстағы  жалпы білім беру ұйымдарының 100 мектеп басшылары қатысып, тәжірибе алмасты.

Әдіскер шеберханасы

05.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Райымбек ауданы «Балауса» бөбекжай – балалар балабақшасы базасында «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» атты әдіскер шеберханасы өтті.

Әдістемелік күн

05.05.2018 Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Панфилов ауданы, Жаркент қаласы Хамраев атындағы орта мектебі базасында «Оқыту үрдісінде  тиімді кері байланыстың маңызы» тақырыбында ұйғыр сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  әдістемелік күн өтті.

Әдістемелік күн

04.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданы, Құлжат ауылы Құлжат орта мектебі базасында «Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттары» тақырыбында ұйғыр сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне  арналған  әдістемелік күн өтті.

Оқыту семинар

04.05.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданы «Балбөбек» балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Әліппе» оқу әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысы

03.05.2018Талдықорған қаласы №42 балабақша базасында «Әліппе» оқулығымен оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өту барысымен таныстыру, мектепалды даярлық  сыныбы және топтары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Әліппе» оқу әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

«WorldSkills Almaty2018» Аймақаралық кәсіби шеберлік чемпионаты

28.04.2018Алматы облысының  26 техникалық және кәсіптік  білім алушысы  Алматы қаласында 2018 жылдың 26-27 сәуір аралығында 12 мамандық бойынша «WorldSkills Almaty2018»  аралық  кәсіби  шеберлік чемпионатына  қатысты. Алматы қаласы колледждерінің базасында өткен кәсіби шеберлік  чемпионатында екі аймақтан 37 білімгер сайысты.

Облыстық «Химия, биология пәндерінен қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары» on-line семинары

27.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында мектеп түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындық жүргізуде тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Химия, биология пәндерінен қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары» облыстық on-line семинары өтті.

«Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аймақтық семинар

27.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы әл-Фараби атындағы ОМ базасында Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Балқаш, Іле  аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен тарих пәндері мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті.

Облыстық семинар

27.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы базасында  мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайтын педагог мамандардың тәжірибесін тарату, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

«Туған жер» бағдарламасы – рухани жаңғырудың өзегі» педагогикалық проспект

26.04.2018«Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы Қарасай батыр атындағы орта мектебі базасында «Туған жер» бағдарламасы - рухани жаңғырудың өзегі» атты педагогикалық проспект өтті.

«WorldSkills Taldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

26.04.2018«Техникалық және кәсіптік білімнің  мәртебесін, білім алушылар  мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және аймақаралық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау» мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2018 жылдың 24-25 сәуір аралығында «WorldSkills Taldykorgan» аймақтықкәсіби шеберлік чемпионатын «Дәнекерлеу технологиялары», «Аспаз ісі», «Дизайн және киімді моделдеу», «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» және «Электромонтаждық жұмыстар»  құзіреттіліктері бойынша өткізді.

«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалінің қорытындысы

23.04.2018Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын  педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында  облыстық  үздік сабақтар фестивалі Талдықорған қаласы, №12 ОМГ (жаратылыстану және жаратылыстану-математикалық бағыттары) және №16 орта мектеп-гимназияларында (бастауыш білім беру, филология, қоғамдық-гуманитарлық, өнер, технология, дене шынықтыру және АӘД пәндері бойынша ) өтті.

«Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аймақтық семинар

23.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы ОМ базасында Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен тарих пәндері мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті.

Семинар-практикум

20.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талғар ауданы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектебі базасында «Білім сапасын арттыруда белсенді әдістердің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті.

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

20.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына арналған «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық  үздік сабақтар фестивалі  өтті. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында өткен шарада қатысушылар  күн тәртібі бойынша бағдарламаға сәйкес оқу қызметінің бейнежазбасын  8-10 минут қорғады.

Облыстық оn-line семинар

20.04.2018Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында география пәнінен мектеп бітірушілерге қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындау сапасын көтеру жолдары» атты облыстық оn-line семинар өтті.

Тәжірибе тарату семинары

20.04.2018Облыстық  әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Талғар  қаласы  Ю.Гагарин атындағы №8 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясы базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны шеңберінде тарих пәнін оқытуды құндылықтарға негіздеу»  тақырыбында Ю.Гагарин атындағы №8 ДБАГ тарих пәні мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Тарих» пәні бойынша облыс тренері Арынов  Бакытнур Тохтияровичтың тәжірибе тарату семинары өтті.

Облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қорытындысы

19.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 ОМ базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  атты облыстық  педагогикалық олимпиада өтті. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды қолдану ерекшеліктері

18.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №21 ОМ базасында облыстық білім беру мекемелері, жалпы білім беру ұйымдарының робототехника элективті курсын жүргізетін пән мұғалімдеріне арналған «Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды қолдану ерекшеліктері» атты аймақтық оқыту семинары өтті.

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

18.04.2018Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын  педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында  облыстық  үздік сабақтар фестивалі Талдықорған қаласы, №12 ОМГ (жаратылыстану және жаратылыстану-математикалық бағыттары) және №16 орта мектеп-гимназияларында (бастауыш білім беру, филология, қоғамдық-гуманитарлық, өнер, технология, дене шынықтыру және АӘД пәндері бойынша ) өтті.

Оқыту семинары

13.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алакөл және Балқаш аудандарындағы орта білім беру ұйымдарының химия, биология, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын көтерудегі модификациялық кабинеттірдің мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

«Бастауыш сыныпта оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік десант

13.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Балқаш ауданы,   Бақанас орта мектебінің базасында «Бастауыш сыныпта оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік десант өтті.

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

13.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ базасында химия, биология пәндерін ағылшын тілдеоқытуда тілдік курстан өткен B1, В2 және С1 деңгейін меңгерген педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға» атты шебер-класс өтті.

«Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыру

12.04.2018«Инновациялық қозғалыс»жобасы аясында облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласы, №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда кіріктірілген оқу қызметін жүргізудегі тәй-тәй технологиясының тиімділігі» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, шағын орталықтар, жеке меншік балабақшалар тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Тәжірибе тарату семинары

11.04.2018«Үздік педагог - 2017» атағының иегері,  Текелі қаласы №5 ОМ АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Қ. Рамазанның «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы патриотизм» тақырыбында тәжірибесін бөлісу семинары  өтті. Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  өткен шарада ашық сабақ, шебер-класс, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып  өткізілді.

«Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалі

10.04.2018Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында Талдықорған сервис және технология, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждерінің базасында  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары  арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы үздік сабақтар фестивалі  облыстық әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Директорлар Кеңесі

10.04.2018«Табысты басшы» жобасы аясында облыстық әдістемелік кабинеті «Табысты мектепке жетудегі мектеп басшысының құзыреттілігі» тақырыбында облыстық директорлар кеңесі өткізді. Кеңес жұмысын білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова ашты. Шараға облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Қабдұлова, дарынды балаларға арналған мектеп гимназия, лицей директорлары мен  білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиада

10.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 ОМ базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  атты облыстық  педагогикалық олимпиада өтті. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

ШЖМ - тің үздік мұғалімі

06.04.2018Облыстық  әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 ОМ базасында «ШЖМ - тің үздік мұғалімі» шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық байқау өтті. Байқаудың мақсаты - ШЖМ педагогтарының өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау.

Педагогтардың кәсіби қызіреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас

06.04.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ескелді ауданы, Жетісу ауылы, «Балдырған» балабақша базасында «Педагогтардың кәсіби қызіреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» атты әдіскер шеберханасы өтті.

Ағылшын тілін оқытуда заманауи оқыту әдістерін және жаңа оқу ресурстарын пайдалану

02.04.2018Талдықорған қаласы №42 балабақша  базасында «Ағылшын тілін оқытуда заманауи оқыту әдістерін және жаңа оқу ресурстарын пайдалану» тақырыбында Oxford University Press баспасының өкілдері мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар тренинг өткізді.

Сырттай облыстық «Үздік логопед» байқауы

30.03.2018Алматы облысы әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен облыстық «Үздік логопед» сырттай байқауы өтті. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын логопедтерді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатымен өткен байқауда қазылар алқасының шешімімен төмендегі аталған логопедтер облыстық сырттай байқаудың жеңімпаздары  деп танылды:

Пән мұғалімдері арасында облыстық пәндер олимпиадасы

30.03.20182018 жылдың 30 наурызында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейін анықтау, кәсіби шеберлігін шыңдау, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау және тәжірибелерін насихаттау мақсатында Б.Бірімжанов (химия), М.Ломоносов (физика), математика, биология, география және информатика пәндері бойынша облыстық пәндер олимпиадасы өтті.

Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы

30.03.2018Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы №1 Рахат орта мектебі  базасында    мектеп басшыларына арналған «Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» тақырыбында семинар  өтті.

Ересек тобындағы балалардың сыни ойлауын дамытуда тәрбиешінің құзыреттілігі

30.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Шамалған ауылы «Бота» балабақшасы базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, жеке меншік және шағын орталық тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өтті.

«Жігер» жас педагогтар шығармашылық тобының кезекті отырысы

29.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жас мамандардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру және іс-тәжірибелерімен бөлісуде «Жігер» шығармашылық тобының отырысы өтті. «Үміт қанаттары - Крылья надежды» Форумына дайындық жұмысын жүргізу – отырыстың басты міндеті болды.

Жаңартылған бағдарлама аясында балабақшада әдістемелік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері

28.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Үшарал қаласы, Қабанбай көшесі №234/А «Парасат» балабақшасы базасында жаңартылған білім беру мазмұны  жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік қызметті жетілдіру мақсатында оқыту семинар өтті.

Жаңартылған бағдарлама аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары

27.03.2018 жОблыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы, №14  орта мектеп- гимназия  базасында бастауыш сыныптарда стандарттан тыс есептерді шешу жолдарын қарастыруда «Жаңартылған бағдарлама аясында  математикалық сауаттылықты арттыру  жолдары» атты облыстық семинар өтті.

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің спецификасы

27.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қарасай  ауданы, Алтын ауыл орта мектебі  базасында «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің спецификасы» атты облыстық семинар өтті.

Конференция қорытындысы

26.03.2018Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 1-3 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым акадмиясының 27 облыстық  ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция қорытындысы бойынша 152 жеңімпаз 44–ші  республикалық ғылыми-практикалық конференцияға жолдама алды.  

Үздік инновациялық шет тілі сабағы

19.03.2018Алматы облысы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен кәсіби білікті шет тілі пәні мұғалімінің шеберлігін арттыру арқылы білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық идеяларды енгізу мақсатында  «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» тақырыбында өткізілген облыстық сырттай  байқауы өтті.

Үздік инновациялық қазақ тілі мен әдебиеті сабағы

16.03.2018Алматы облысы әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын кәсіби білікті қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерін анықтау мақсатында «Үздік инновациялық қазақ тілі мен әдебиеті сабағы» тақырыбында өткізілген облыстық сырттай байқауы өтті.

Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер

16.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы 7–Құрылыс «Айжан» балабақшасы базасында  «Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік күн өтті.

Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

16.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдасытруымен Қапшағай қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия базасында «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдіснамасы

16.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдасытруымен Жамбыл ауданы Қарғалы №2 дарынды балаларға арналған үш тілде  оқытатын мамандандырылған лицейі  базасында «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты педагог-психологтар мұғалімдеріне арналған  воркшоп өтті.

Білім беру ұйымдарының дефектологтары мен логопедтері қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

15.03.2018Облысытық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарының дефектологтары мен логопедтері қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты Іле  ауданы, №17 орта мектебі базасында аймақтық семинар өтті.

Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер

15.03.2018Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебі базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған«Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар - практикум  өтті.

Тәжірибе тарату семинары

15.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 наурызында Іле ауданы №12 орта мектеп базасында «Жетістікке жету жолы» тақырыбында «Үздік педагог-2017» атағының иегері, тарих пәні мұғалімі Г.Кульбаеваның тәжірибесін тарату семинары өтті.

Үздік география пәнінің мұғалімі

14.03.2018Облыстық  әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын география пәнінің мұғалімдерін анықтау, қолдау көрсету мақсатында «Үздік география пәнінің мұғалімі»  облыстық сырттай байқауы өтті. Сараптау комиссиясы шешіміне байланысты  төмендегі  аталған мұғалімдер «Үздік география пәнінің мұғалімі» облыстық сырттай байқауының жеңімпаздары деп анықталды:

Әдістемелік десант

14.03.2018Кербұлақ ауданында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 наурызында оқу үрдісінде бағалау, саралау және кері байланысты тиімді қолдану мен жүргізуде химия, биология пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқыту сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

«Алтын диск» байқауы

13.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Қарабұлақ орта мектебі базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің информатика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Алтын диск» байқауы өтті.

Кеңес алаңы өтті

13.03.2018Облыстық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары негізінде 2018 жылдың 13 наурызында Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебі базасында «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану жолдары» атты кеңес алаңы өткізілді.

Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

6.03.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы облыстық №15 мектеп-интернаты базасында «Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» атты оқыту – семинары өтті.

Білім беру мазмұнын жаңартуда әдістеме, тәжірибе, мәселелер

3.03.2018Орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беру ұйымдарында 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып және пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін жетілдіру мақсатында пилоттық режимде жұмыс жасайтын Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ мен Панфилов ауданындағы Х.Хамраев ОМ «Білім беру мазмұнын жаңартуда әдістеме, тәжірибе, мәселелер» тақырыбында ашық есік күндері өткізілді. Аталған шараға облыс бойынша 250 педагог қатысты.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы

2.03.2018Алматы облыстық әдістемелік кабинеті мен «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» институтымен бірлескен, білімнің жаңа парагдимасы жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім мазмұны интеграциясының сипатын, жаңа қолданбалы аспектілерді талдау, педагогтардың кәсіби-шығармашылық жолындағы жұмыстарын фасилитациялау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы» тақырыбында облыстық форум өтті.

Критериалды бағалау – бастауыш сынып оқушыларының құзіреттіліктерін арттыру ресурсы

2.03.20182018 жылдың 2 наурызында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама аясында педагогтарға кәсіби қолдау көрсету 1,2,5,7 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін жетілдіру мақсатында Текелі қаласындағы №5 ОМ базасында «Критериалды бағалау – бастауыш сынып оқушыларының құзіреттіліктерін арттыру ресурсы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер-кластар жүргізіліп, дискуссиялық алаңда педагогтарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алдынды.

ХХVІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2.03.20182018 жылдың 1 наурызында Алматы облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік кабинеті Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясымен бірлесіп Талдықорған политехникалық колледжінің базасында ХХVІІ облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері

28.02.2018Балқаш ауданы «Жасұлан» балабақша базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру аясында ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері» атты әдістемелік күн өтті.

PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

27.02.2018Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылы А.Қарсақпаев атындағы орта мектебі базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты облыстық оқыту семинары өтті.

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары

27.02.2018Жамбыл ауданы  Абай атындағы гимназия мектебі базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған) атты әдістемелік күн өтті.

Инженер-педагогтардың педагогикалық оқулары

23.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018  жылдың  23 ақпанында «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында  «Білім беру қызметкерлерінің  кәсіби өсуі - жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің  шарты» атты V облыстық   педагогикалық оқулары  өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының  шығармашылық шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді жалпылау және тарату мақсатында өткен педагогикалық оқуларға  150 инженер-педагог  қатысты.    

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру жолдары

21.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбында Талдықорған қаласы №9 орта мектеп («Қаратал» ш/а, ) базасында облыстық семинар өтті. PISA халықаралық зерттеулеріне қатысатын мектептердегі пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қолдау мақсатымен өткен шарада облыстағы жалпы білім беретін мектептердің география, биология, химия пәндері мұғалімдері қатысты.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптар

20.02.2018Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама аясында жалпы орта білім беру ұйымдарында 1,2 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін жетілдіруде Ескелді ауданы Титов атындағы орта мектебі базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын  жаңа талаптар» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер

17.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17 ақпанында Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында «Express Publishing» баспасының өкілдерімен өкілдерімен "Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер"тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинар 2018-2019 оқу жылы жаңартылған білім бағдарламасы аясында 6-8 сынып оқушыларына арналған Excell оқулығымен танысу, педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Көксу,Сарқан, Қаратал және Текелі, Талдықорған қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Аталған шараға 100 маман қатысты.    

Мектепішілік бақылаудың принциптері негізінде жоспарлау

16.02.2018Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 16 ақпанында «Табысты басшы» жоба аясында  мектепті басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау және тиімді ұйымдастыру бойынша жаңадан тағайындалған мектеп басшылары мен мектеп директорының резервтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару  құралы» тақырыбында  аймақтық семинар ұйымдастырды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпановпен кездесу

16.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №16 ОМГ базасында «Мектептегі туристік – өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының қауымдастырылған  профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпановпен кездесу өтті.

Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау жолдары

16.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау жолдары» тақырыбында он-лайн режимінде (физика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті.

Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері

15.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында он-лайн режимінде (математика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті.

Білім беру мазмұнын жаңартуда әдістеме, тәжірибе, мәселелер

14.02.2018Орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беру ұйымдарында 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып және пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін жетілдіру мақсатында пилоттық режимде жұмыс жасайтын Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ мен Панфилов аудандағы Х.Хамраев ОМ «Білім беру мазмұнын жаңартуда әдістеме, тәжірибе, мәселелер» тақырыбында ашық есік күндері өткізілді. Аталған іс-шараға Талдықорған, Қапшағай  қалалары, Ақсу, Көксу, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов аудандарының 100 педагогтары қатысты.

Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер

12.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы №3 орта мектеп базасында «Express Publishing» баспасының өкілдерімен "Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер" тақырыбында семинар тренинг өтті.  

Жаңартылған білім беру аясында ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері

12.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру аясында ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері» тақырыбында Сарқан қаласы «Балдырған» балабақшасында әдістемелік күн өтті.

CLIL әдісінің тиімділігі

9.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес «Үш тілде білім беруді дамытудың" 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы базасында «Үш тілде білім берудегі пәндердің сабақтастығы» тақырыбында аймақтық  семинар-практикум өтті.

Аймақтық «WorldSkills» чемпионаты

8.02.2018 «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  Астана қаласында «WorldSkills» аймақтық және Ұлттық ұйымдастырып өткізу» атты  оқыту  семинары өтті.

Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы

02.02.2018Алматы облысы білім басқармасы Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2 ақпанында «Табысты басшы» жоба аясында білім сапасын арттыруда мектеп басшыларына инновациялық басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау, тиімді ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру  мақсатында  «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару  құралы» тақырыбында мектеп басшыларына арналған облыстық семинар өтті.

Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері

02.02.2018Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына тарих және математика пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебі базасында оқыту семинары өтті.

Облыстық оқыту семинары

26.01.2018Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 қаңтарында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

CLIL әдісін сабақта қолдану

25.01.2018  2017 - 2019 жылдарға арналған «Үш тілде білім беруді дамытудың» кешенді жоспарын іске асыру, үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізу мақсатында «Физика», «Химия», «Биология»  «Информатика» және ағылшын тілі пәні мұғалімдері тілдік курстан алған білімдерін іс-тәжірибеде ұштастыру, жалпы білім беру мекемелерінде «CLIL» әдісін оқу үрдісінде тиімді қолдану және тәжірибесін таратуда Қарасай  ауданы, «Қарасай батыр атындағы орта  мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар - практикум өтті.

Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы

25.01.2018Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 25 қаңтарында  «Табысты басшы» жоба аясында білім сапасын арттыруда мектеп басшыларына инновациялық басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау, тиімді ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру  мақсатында  «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару  құралы» тақырыбында мектеп басшыларына арналған облыстық семинар ұйымдастырып, өткізді.

Оқыту семинары

24.01.2018Мектеп бітірушілерді тарих және математика пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында Ақсу ауданы, Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті.

Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері

19.01.2018Облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы базасында мектеп үйлестірушлері мен 1,2,3,5,7 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы  бағалаудың тиімді әдістері» тақырыбындағы пилоттық мектептің іс-тәжірибесін тарату, педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында аймақтық семинар өткізді.

Әріптестеріміз жүлдемен оралды

17.01.20182018 жылғы 12-13 қаңтар күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде математика, физика, информатика мұғалімдері мен олимпиада тренерлерінің ашық республикалық шығармашылық конкурсы өтті.

Робототехника негіздері

26.12.2017Облыстық әдістемелік кабинеті мен Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиякерлік мектебінің  қызметтестік жұмыс жоспары  негізінде 2017 жылдың 21,22,26 желтоқсанында «Робототехника негіздері» элективті курс бойынша оқыту семинары өтті. 

Сабақтастық - шағын жинақты мектептегі сапалы білім кепілі

21.12.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ақсу ауданы Қарасу бастауыш мектебі базасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта мектеп және шағын жинақты бастауыш мектеп сабақтастығын жетілдіруде педагогтардың  кәсіби  потенциалын көтеру мақсатында аймақтық семинар өтті.

Педагогикалық оқу

13.12.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледж базасында «Заманауи білім беру кеңістігіндегі Р.М. Қоянбаевтың прогрессивті педагогикалық идеялары»  тақырыбында облыстық педагогикалық оқу өтті.

Үш тілде білім беру бағдарламасын іске асыру

14.12.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті және Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің ұйымдастыруымен «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік Тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Пәндік білім сапаны арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы

08.12.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы, Райымбек, Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай, Балқаш аудандырында оқытудағы пәндік білім сапаны арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында «Пәндік білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында ағымдағы жылдың 4 - 8 желтоқсан аралығында әдістемелік десант өтті.

Қазақстан психологтарының І құрылтай съезі

08.12.2017Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында қазақ психологиясының 100 жылдығына орай «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен І құрылтай съезі өтті. Съездің мақсаты - қазақстандық психологиялық қоғамдастықтармен тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды кеңейту, психологиялық мамандарының кәсіби және тұлғалық дамуын насихаттау. Алматы облысынан 127 педагог-психолог қатысты.

Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының IV аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы

05.12.2017Облыстық әдістемелік кабинеті мен  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының  ұйымдастыруымен «Жастардың ғылыми ізденістегі зияткерлік мүмкіндіктері»  IV аймақтық ғылыми-практикалық кофнеренциясы 2017 жыл 27 қарашада  Көксу ауылшаруашылық, 30 қарашада  Талғар агробизнес және менеджмент, 4 желтоқсанда  Жаркент көпсалалы   колледждерінің   базаларында   өтті.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптар

30.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптар» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.

Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары

30.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік  және практикалық көмек беру мақсатында Ұйғыр ауданы, Тиірмен ұйғыр ОМ және Панфилов  ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ОМ базаларында әдістемелік десант өтті.

Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер

30.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жаңа форматта химия пәнін оқытудағы ерекшеліктер мен пәндік білім сапаны көтеруде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында он-лайн режимінде «Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті.

Пәндік білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы

30.11.2017Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 28-29 қарашасында оқытудағы пәндік білім сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе орта мектебінің базасында әдістемелік десант өтті.

Біліктілікті арттыру семинары

27.11.2017«Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғыртудың басты бағыттары бойынша педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында  «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  ұйымдастыруымен  Астана қаласында өткен  оқыту семинарына  Алматы облысынан  «Кәсіпқор» холдингтің штаттан тыс тренерлері  қатысты.

Билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру

27.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талғар  ауданы  Гүлдала ауылы шағын орталығы бар №21 орта мектебі базасында билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру» (ұйғыр сыныптарындағы пән мұғалімдеріне арналған) тақырыбында тәжірибе бөлісу алаңы өтті.

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

24.11.20172017 жылдың 22 қарашасында Талдықорған қаласы Ш.Уалиханов атындағы №10 мектеп гимназиясы мектепалды даярлық сынып мұғалімі А.Нурмолданова 0 «А» сыныбының ата-аналарына арналған «Әліппе» пәні бойынша «Д дыбысы және әрпімен таныстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа 9 ата-ана қатысты.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі

24.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 24 қарашасында Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстары білім басқармаларының өзара ынтымақтастық іс-шаралар жоспары негізінде орта білім беру саласында үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізуде «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін дарынды балаларға арналған арнаулы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі» тақырыбында өңіраралық он-лайн режимінде семинар өтті.

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

23.11.201722 қарашада Талдықорған қаласы №42 балабақшасының «Лучики» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі С.Джексембаева ата-аналарға арналған  «Әліппе» ашық оқу қызметін өткізді. Ашық сабаққа 12 ата-ана қатысты. Оқу қызметінің тақырыбы: «Нет краше Родины нашей. Звуки [г], [г']. Буква Г г».

Шағын жинақталған мектептердің оқу үдерісінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру

21.11.2017Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қаратал ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі базасында бүгінгі білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептердің оқу үдерісінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың жолдарын айқындау, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Шағын жинақталған мектептердің оқу үдерісінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Үздік ресурстық орталық

20.11.2017Ресурстық орталықтардың (тірек мектебінің) қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату мақсатында өткен ІІ республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсында Алматы облысының Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп және мектеп жанындағы мектеп-интернаты ІІІ орынды иеленді.

Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы

20.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқау өтті.

Білім сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану

20.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы ОМ, Қаспан ОМ, №49 орта мектеп базаларында «Білім сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты әдістемелік десант өтті.

Пәндік білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы

17.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен оқытудағы пәндік білім сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жамбыл ауданы, Қарғалы  №3 ОМ базасында «Пәндік білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы» атты әдістемелік десант өтті.

«Әліппе» оқу - әдістемелік кешенін апробациядан өткізу

16.11.2017Жамбыл ауданы «Ұлан» балабақшасының «Жауқазын» мектепалды даярлық тобы «Алматы кітап» баспасы «Әліппе» оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өткізуде. Осыған орай, облыстық әдістемелік кабинет әдіскері  балабақшаның оқу қызметіне қатысып, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетті және ата-аналармен «Əліппе» оқу-əдістемелік кешені туралы түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді. 

Әдістемелік семинар

13.11.2017Жаңартылған білім мазмұны  жағдайында 2018-2019 оқу жылындағы 3,6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасымен, құрылымы және мазмұнымен таныстыру және талқылау мақсатында Ы.Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті.

Аймақтық семинар

13.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Іле ауданы «Әдемі» балабақшасы  мен Қапшағай қаласы «Гүлдер» балабақшалар  базасында аймақтық семинар өтті.

Әдістемелік десант

13.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді жолдарын жетілдіру үшін қазақ тілі, тарих, математика, физика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне әдістемелік сүйемелдеу және көмек көрсету мақсатында Ұйғыр ауданында әдістемелік десант өтті.

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

8.11.2017Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Жамбыл ауданы «Ұлан» балабақшасы «Жауқазын» мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Б.Рахманбергенова ата-аналарға «Әліппе» ашық оқу қызметін өткізді. Ашық оқу қызметіне  15 ата-ана қатысты. Оқу қызметінің тақырыбы «Менің отбасым. У у дыбысы мен әрпі».

Ең үздік жыл психологы

06.11.2017Білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерімен бөлісу, психологиялық-педагогикалық идеялары, жобалары және іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында ағымдағы жылдың  2 қарашасында республикалық «Ең үздік жыл психологы» байқауы өтті. Аталған байқауға биылғы жылы облысымыздан 5 педагог-психолог қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы орта білім беретін мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселесі

06.11.2017Алматы облысы білім басқармасы 2017 жылдың 3 қарашасында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда жалпы білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру жағдайында  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша білім бөлімі басшылары мен мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының басшыларына, пән мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Біліктілікті арттыру курсы

06.11.2017«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 23 қазан - 3 қараша  аралығында Талдықорған агортехникалық, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Алматы облысының тамақтандыру және қызмет көрсету саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінде  облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында біліктілік арттыру  курсы  өтті.

Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері

03.11.2017Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика МИ базасында «Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар өтті. Пән мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру мақсатында өткен семинарда «Робо-робо» көрмесі ұйымдастырылып, практикалық және дискуссиялық алаң жүргізілді.

Тәжірибе алмасу семинары

03.11.2017Облыстық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында «Кәсіптік тәжірибе, кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестіктердің рөлі» атты тәжірибе алмасу семинары  өтті.

Дискуссиялық алаң

01.11.20017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Сарқан ауданы, Абай ауылы, Тасарық ОМ базасында «Шағын жинақты бастауыш және орта мектептер жағдайындағы сабақтастық» тақырыбында дискуссиялық алаң өтті. Дискуссиялық алаңның мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш және орта буын сабақтастығын қалыптастыруда педагогтар тәжірибесін тарату.

Жас мамандардың педагогикалық дебюті

01.11.2017Облыстық әдістемелік кабинеті  2017 жылы 01 қарашасында №17 орта  мектеп базасында облыстық «Педагогикалық дебют» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - жас ұстаздардың шеберлігін, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу, қолдау және мадақтау.

Облыстық «Педагогикалық олимп» атты педагогикалық идеялар мен жобалар байқауы

31.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары негізінде химия, биология, математика, физика пәндері мұғалімдері арасында инновациялық қызметті ынталандыру, білім берудегі интерактивті оқыту әдістері мен пән бойынша өзекті педагогикалық тәжірибелеріне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық  «Педагогикалық олимп»  атты  педагогикалық идеялар мен жобалар байқауы өткізілді.

Облыстық семинар-кеңес

30.10.2017Үстіміздегі оқу жылының 27 қазанында Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

"Жігер" жас педагогтардың шығармашылық тобының отырысы

27.10.2017Жас мамандарға  әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жігер» шығармашылық тобының "Жаңартылған бағдарламамен менің алғашқы қадамым» атты кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жаңартылған бағдарламаны іске асырудың өзекті мәселелері бойынша «Ғылыми-зерттеу мәдениетінің негізі» тақырыпта тренинг жүргізілді. Облыс бойынша отырысқа 22 жас маман қатысты.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнді оқыту ерекшеліктері

26.10.20175,7 сыныптарға сабақ беретін тарих және география пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында облыстық  әдістемелік кабинеті «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнді оқыту ерекшеліктері» тақырыбындаАқсу ауданында әдістемелік десант өткізді.

Ең үздік жыл психологы – 2017

26.10.2017Орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтері арасында үздік тәжірибені насихаттау, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Ең үздік жыл психологы» байқауы өтті.  Байқауға облыстың орта білім беру ұйымдарынан  15 педагог-психолог қатысты.

Әдістемелік десант

23.10.2017Талғар, Іле, Райымбек аудандарында мектеп психологтарына арналған психологиялық түзету-теңестіру, дамытудың тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдану және әдістемелік, практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың  тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Біліктілікті арттыру курсы

23.10.2017«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 9-20 қазан аралығында Талдықорған политехникалық, Көксу ауылшаруашылық колледждерінде облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында әзірлеу және жүзеге асырудың әдістемелік негіздері», «Фермер шаруашылығы» бағытының мамандарын әзірлеуде оқытудың  жаңа технологияларын қолдану» тақырыптарында біліктілік арттыру курстары  өтті.

Ғылыми-әдістемелік конференция "Рухани жаңғыру-болашаққа зияткерлік серпін"

20.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің  базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының  аясында білім алушылардың жаңа идеяларын ілгерілету, патриоттық, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында  «Рухани жаңғыру-болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Облыстық практикалық семинар

18.10.2017Мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру, зерттеудегі түйінді идеялармен танысу және «Lesson study» әдісін тиімді қолдану және тәжірибе тарату мақсатында облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласындағы №14 ОМГ базасында «Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің (LESSON STUDY) маңызы» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.

Жаңартылған оқу бағдарламасының алғашқы қадамы: ізденіс, тәжірибе, ой бөлісу

18.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының  2,5,7 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын және критериалды  бағалау жүйесін оқу үрдісіне енгізуде кездескен проблемаларды анықтап, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша облыс тренерлерімен бірлесіп шебер – сыныптар, панелді сессия жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға 676 педагог қамтылды. 

Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері

16.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен робототехника элективті курсын жүргізуде оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мақсатында Қапшағай қаласы «Орта мектеп гимназиясы» базасында «Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Бағалаудың тиімді әдістері

16.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Іле ауданында «Бағалаудың тиімді әдістері»  тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті. Мақсаты - химия, биология пәндері бойынша сабақты жоспарлау, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру және саралау әдісін жүргізуде  мұғалімдерге әдістемелік көмек беру.

Облыстық сырттай байқау

16.10.2017Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында облыстық әдістемелік кабинеті «Үштілділікті дамытудағы үздік тәжірибелер» атты облыстық сырттай байқау өткізді.

Үздік педагог – 2017

16.10.2017Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарға «Үздік педагог» атағын беру үшін жыл сайын  Республикалық «Үздік педагог» байқауы өткізіледі.

Үздік балабақша тәрбиешісі - 2017

13.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы  №12 ОМ  базасында облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі-2017» байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты - облыс көлемінде инновациялық бағытта шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзіндік жаңашыл идеясы бар мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуына ықпал ету.

CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру

13.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған политехникалық колледжінің базасында «CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру» тақырыбында аймақтық  семинар-кеңес  өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

12.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыту мақсатында Панфилов ауданы Нұркент қалашығындағы «Арай» балабақшасы базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Біліктілікті арттыру курсы

05.10.2017«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Талдықорған политехникалық, Алматы облысының тамақтандыру және қызмет көрсету саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінің базасында  облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған  «CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде  оқыту»  тақырыбында біліктілік арттыру  курсы өтті.

Әдістемелік десант

05.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес 4 қазанда Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы   орта мектеп-гимназия базасында «Білім беру  ұйымдары дефектолог, логопедтерінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десант

02.10.2017Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26-28 қыркүйегінде химия, биология пәндері мұғалімдерімен қалыптастырушы бағалауды жүргізу машықтарын жетілдіру, әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқыту сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Республикалық «Үздік педагог» атағы иегерлерінің тәжірибесінен

02.10.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Қарасай ауданы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия базасында «Туған жер» бағдарламасы қазақстандық патриотизмнің даму философиясы ретінде» тақырыбында «Үздік педагог» атағы иегерлерінің  тәжірибесін тарату семинары өтті.

Әдістемелік күн

29.09.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында 5,7 сыныптарға сабақ жүргізетін ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күннің мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Әдістемелік күн

28.09.2017Панфилов, Ұйғыр аудандарында   облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен қазақ тілі және әдебиеті  пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасын 5,7 сыныптарда жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу мақсаттарының таксаномиясы» тақырыбында әдістемелік күн өтті.

Облыстық педагогикалық идеялар фестивалі

26.09.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында облыстық "Педагогикалық идеялар фестивалі" өтті. 18 аудан мен 4 облыстық мекемелерден қатысқан педагогтар қазылар алқасына өздерінің  тың педагогикалық идеяларын ұсынып, шығармашылық тұрғыдан жоспарларымен бөлісті.

Облыстық семинар

25.09.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №42 балабақшасы базасында «Жаңартылған білім беру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2017

22.09.2017Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында 21 қыркүйек күні Талдықорған агро-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2017» атты облыстық байқау ұйымдастырылып өткізілді.

Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттегі түзету, дамытудың тиімді жолдары

18.09.2017       Облыстық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек айының 11-15 аралығында №5 ППКК Ұйғыр ауданы, №7 ППКК Балқаш ауданы, №11 ППКК Алакөл ауданы, №10 ППКК Сарқан аудандарында «Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттегі түзету, дамытудың  тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

«Туған жер» бағдарламасы аясында педагогикалық проспект

15.09.2017Облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 15 қыркүйекте Текелі қаласындағы жасөспірімдер мен балалар туризм және өлкетану орталығы базасында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда педагогтың өлкетану жұмыстарын жүргізу,  тәжірибесін тарату мақсатында Республикалық «Үздік педагог» байқауының грант иегері Текелі қаласы, №1 орта мектебінің география пәні мұғалімі Молбаев Бақытжан Қайратұлының «Табысқа жетудің 4 көкжиегі» тақырыбында педагогикалық проспектісі облыстық деңгейде өтті.

Секциялық отырыс

24.08.20172017 жылдың 24 тамызында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы, Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, №1 Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті, Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің базаларында облыстық тамыз кеңесінің секция жұмыстары өтті.

Секциялық отырыс

16.08.2017Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесінің мәселелері мен жаңарту перспективаларын талқылау мақсатында ҚР білім беру қызметкерлерінің Республикалық  тамыз конференциясының секциялық отырыстары 2017 жылдың 15-16 тамыз күні Талдықорған қаласында өтті.

Облыстық сырттай байқау

17.07.2017Мектепке дейінгі ұйымдардың үлескелерінде денсаулық сақтау ортасын ұйымдастыру үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды құру, мектепке дейінгі ұйымның жер аумағын абаттандыруда педагогтар мен ата-аналардың әлеуметтік, өзара әрекеттестік белсенділігін арттыру мақсатында облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі» сырттай байқауы  өтті.

Республикалық семинар

29.06.2017 Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері 2017 жылдың 29-30 маусым күндері Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау, ортаға салу мақсатында «Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында  республикалық семинар өтті.

Облыстық «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» конкурсы

06.06.2017Облыстық әдістемелік кабинетінің  жұмыс жоспарына сәйкес ресурстық орталық (тірек мектебінің) қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату мақсатында  «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» облыстық конкурс өткізді, оған 7 ресурстық орталық қатысты.

Облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы – 2017» байқауы

05.06.2017Алматы облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесіп  «Ең үздік арнайы пән оқытушысы - 2017» байқауын өткізді. Байқауға Жаркент  гуманитарлық - техникалық,  Үшқоңыр су шаруашылығы, Талдықорған агро - техникалық, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Жамбыл атындағы Ұзынағаш 

Облыстық панелді сессия

01.06.20171 маусым күні Талдықорған қаласы инновация  бағытында жұмыс жасайтын №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялық технологияны енгізу тәжірибесі» тақырыбында облыстық панелді сессия өтті. 

Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар

30.05.2017Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуде өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау  мақсатында облыстық  «Ең үздік әзірленген флипчарт- сабақтар» байқауы өтті.

Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017

23.05.2017   Кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар бастауыш сынып мұғалімін анықтау және тәжірибе алмасу мақсатында облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017» байқауы өтті. Аталған шараға 19 ауданнан бастауыш сынып мұғалімдері  қатысты.

Ашық есік күн

24.05.2017«Инновациялық қозғалыс» жобасы аясында Талдықорған қаласы инновациялық бағыттағы №2 Құрама үлгідегі ясли-бақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда «Денсаулық сақтау» технологиясының дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдануда педагогтардың кәсіби құзыреттілін жетілдіру және тәжірибе алмасу  мақсатында  ашық есік күні өтті.

Әдістемелік күн аясындағы ізденістер

19.05.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен инженер-педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту әрі жетілдіру мақсатында Текелі кәсіптік колледжінің базасында «Білім беру үдерісіндегі белсенді стратегиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында  әдістемелік күн өтті. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлескен жұмыс

19.05.2017І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында география және физика пәндері мұғалімдерімен «Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

Аймақтық дискуссиялық алаң

19.05.2017Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек  орта мектеп базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1 сыныпта оқыту үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық  дискуссиялық алаң жүргізілді.

Облыстық мектеп директорлар Форумы

19.05.201719 мамыр күні облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында «Талдықорған қаласы МКҚК Оқушылар сарайы» базасында облыстық мектеп директорларының форумы өтті.

Облыстық «Алаш арысы» байқауы

18.05.2017Шығармашылықпен жұмыс жасайтын жалпы орта білім беру мекемелерінің тарих пәні педагогтарын анықтау, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында облыстық «Алаш арысы» байқауы өтті.

«Жігер» жас педагогтар шығармашылық тобының отырысы

17.05.201717 мамыр күні әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жігер» жас  педагогтар шығармашылық тобының «Шебер–класс информалды білім алу нысаны ретінде» кезекті отырысы өтті.

Облыстық семинар

17.05.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 мамырында Талдықорған  қаласы   М.Арын атындағы №24 ДБАЛ базасында математика пәндері мұғалімдерімен «Математика пәнінен ғылыми жоба және пән олимпиадаларына дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Аймақтық семинар-тәжірибе

16.05.2017Үстіміздегі жылдың 16 мамырында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Текелі қаласы  №5 орта мектеп базасында «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі» атты аймақтық семинар-тәжірибе өтті.

Аймақтық семинар

16.05.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алакөл ауданы  Үшарал қазақ гимназиясының  базасында қазақ тілі пәні мұғалімдеріне белсенді оқытудың  тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Қазақ, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудағы белсенді оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Аймақтық семинар

15.05.2017Талдықорған қаласында бастауыш сыныптарды тиімді оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін және критериалды бағалауды қолдануда өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптағы пәндердің оқытылу ерекшелігі» атты аймақтық семинар өтті.

«Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыруда

12.05.2017Мектепке дейінгі ұйымдар: мектеп жанындағы  шағын орталықтар мен жаңадан ашылған балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек беруде, жаңашыл әдістемелерді енгізу мен таратуда Талдықорған қаласында құрылған инновациялық орталық базасында №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және №7 ясли-бақшасы ТРИЗ технологиясын қолданудың тиімділігі мақсатында ашық есік күндер өтіп, оған 72 тәрбиеші қамтылды.

Аймақтық семинар

11.05.201711 мамыр күні Ескелді ауданы Л.Шестаков атындағы орта мектепте  география сабағында инновациялық технологияларды қолдануда жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық семинар өтті. 

Облыстық семинар

05.05.2017Талдықорған қаласы №4 орта мектеп базасында  05 мамыр күні әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті және үйден оқытуды ұйымдастыру» атты облыстық семинар өтті.

Әдістемелік күн

05.05.2017Талғар ауданында 5 мамыр күні мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, өзара тәжірибе бөлісу мақсатында «Химия, биология пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға  дайындаудың өзекті мәселелері» атты әдістемелік күн өтті.

Құрметті әріптестер!

05.05.2017Сіздерді 9 - Мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй  мен баянды бақыт, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілейміз!

Тәжірибе тарату семинары

04.05.2017«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда тәжірибе тарату мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  4 мамыр күні  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназия базасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы-қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

29.04.201729 сәуір 2017 жылы Алматы қаласы Орта Азия университетінің базасында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының Алматы аймағы бойынша  43-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы  өтті. 

Дискуссиялық алаң

27.04.2017Деңгейлік бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің өзекті мәселелерін анықтау және құзырлы орталықтың тәжірибесін  тарату мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы №3 ОМ базасында «Мұғалімнің кәсіби даму келешегі» атты дискуссиялық алаң  өтті.

Оn-line семинар

27.04.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алматы облысының ақпараттық технологиялар орталығы  базасында 27 сәуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқытудағы тиімді тәсілдерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында on-line режимінде семинар өтті.

Сырттай байқау

27.04.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің 2017-2019 жылдарға арналған  «Табысты басшы» жобасын іске асыру аясында инновациялық бағытта жұмыс істейтін білім беру ұйымдарын анықтау және кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Білім беру ұйымының үздік жоспары» атты облыстық  сырттай байқауы өтті. 

Әдістемелік панорама

27.04.2017Қапшағай қаласындағы  №3 орта мектепте облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Электронды ресурстар мен ақпараттық коммуникативті технология-білім беру мазмұнын жаңартудың тәсілдері» атты әдістемелік панорама өтті. 

Республикалық байқау

24.04.2017Талантты жас педагогтарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РМҚК РОСО базасында 2017 жылдың 17-22 сәуір күндері  «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты  жас педагогтардың ІII Республикалық байқауы өтті.

Әдістемелік десант

21.04.2017Мемлекеттік емтиханды тапсыратын түлектер үшін қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну, өзара тәжірибе бөлісу мақсатында Ұйғыр ауданы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп  базасында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдістемелік десант  өтті.

Облыстық олимпиада "Білімді ұрпақ-болашақ жетістігіІ"

21.04.2017Облыстық әдістемелік кабинеті мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің бірлескен жұмысы аясында   20  сәуір күні  жалпы білім беретін және «Автокөлік слесарі», «Электргазбен дәнекерлеуші», «Құқықтану», «Ақпараттық жүйелер», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,  «Бастауыш білім беру» мамандықтары  бойынша,техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық олимпиада өтті.

Онлайн семинар

17.04.2017Алматы облысының ақпараттық технологиялар орталық  базасында 17 сәуір күні «Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың  дайындау жолдары» тақырыбында  қазақ тілі, химия, математика, тарих пәні мұғалімдері мен  мектеп басшыларына арналған online семинар өтті.

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

14.04.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында облыстық  үздік сабақтар  фестивалі өтті.

Әдістемелік күн

06.04.2017«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметті инновациялық бағытта ұйымдастыру» бойынша 6 сәуір күні Райымбек ауданы «Балауса» балалар бақшасында әдістемелік күн өтті.

Аймақтық семинар

06.04.20176 сәуір күні «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті   жетілдірудегі  мектеп басшысының рөлі» тақырыбында Алакөл ауданы Қабанбай №1 орта мектебі  базасында аймақтық семинар өтті.

Әдістемелік күн

05.04.2017Логопед, дефектолог, педагог – психологтардың  қатысуымен  «Арнайы мамандар қызметіндегі түзете-дамытушылық жұмыстардың тиімді жолдары» атты әдістемелік күн өтті.

Облыстық сырттай бейнесабақ байқауы «Абай және Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытудың инновациялық әдістемесі»

04.04.2017Қ.Бітібаеваның технологиясы үлгісіндегі жаңашыл әдістемелер негізінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау мақсатында  облыстық сырттай бейнесабақ байқауы  өтті.

«WorldSkills Taldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

01.04.2017«Дәнекерлеу технологиялары», «Аспаз ісі», «Шаштараз өнері», «Киім үлгісін модельдеу мен дизайны» мамандықтары бойынша «WorldSkills Taldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты  өтті.

Тәжірибе алмасу «Табысты басшы»

31.03.17«Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту аясында  стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық пен басқару» атты тәжірибе алмасу өтті. Аталған шараға Талдықорған, Текелі қалалары мен Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ аудандарынан 25 шағын жинақталған мектептердің басшылары қатысты.

Әдістемелік күн «Химия, биология пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері»

31.03.1728, 31 наурыз күнідері химия, биология пәндерінен қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, өзара тәжірибе бөлісу мақсатында «Химия, биология пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға  дайындаудың өзекті мәселелері» атты әдістемелік күн өтті.

Семинар-практикум «Табысты басшы»

30.03.2017 «Инновациялық менеджмент - білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту аясында  басқару сапасын арттырудың негізі» атты мектеп басшыларына арналған семинар-практикум өтті. «Табысты басшы» жобасын іске асыру мақсатында өткен іс-шараға Талдықорған, Текелі қалалары мен Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарынан 27 мектеп басшылары қатысты.

Облыстық семинар «Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары»

30.03.2017«Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға  дайындық жолдары» тақырыбында Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында онлайн режимі бойынша (тарих пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті.

Аймақтық семинар

29.03.201729 наурыз күні Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні бойынша жоспарлаудың  жаңа форматымен таныстыру,  жеке тұлғаның даму процесін жетілдіруге бағытталған үздік әдіс – тәсілдермен бөлісу мақсатында «Адамдық асыл қасиет - рухани құндылықтар негізі» атты аймақтық  семинар өтті.

Облыстық байқау «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі»

29.03.201729 наурыз күні Талдықорған қаласы Көктал ауыл №11 Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектеп базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» байқауы өтті.

«Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбындағы облыстық online семинар

29.03.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауда дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбында online режимінде облыстық семинар өтті.

Әдістемелік күн «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары»

29.03.2017Алакөл, Ақсу, Кербұлақ аудандарында  орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектеп бітірушілердің тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» атты әдістемелік күн өтті.

Үздік дефектолог – 2017

28.03.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  2017 жылдың 28 наурызында  талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын дефектологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық  «Үздік  дефектолог» байқауы өтті.

«Жігер» жас мамандар шығармашылық тобының отырысы

28.03.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жас мамандардың шығармашылық тәжірибелерін өзара бөлісу және оны ұйымдастыру мақсатында «Жігер» шығармашылық тобының отырысы өтті.

«Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы облыстық online семинар

28.03.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында online режимінде облыстық семинар өтті.

Әдістемелік күн

18.03.2017«11 сынып оқушыларының эссе жазуға дағдыларының дамуы»   Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға / эссе жазуға / дайындау жұмыстарын жетілдіру және педагогтардың бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында «11 сынып оқушыларының  эссе жазуға  дағдыларының  дамуы»  тақырыбы бойынша  Талдықорған, Текелі қалаларында және Қаратал, Көксу, Ескелді аудандарында  әдістемелік күндер өтті.

Құрметті әріптестер!

17.03.2017Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Жыл басы болашаққа сенімділік,  мол қуаныш пен бақытты өмір, жаңа жетістіктер мен табыстарға толы болсын. Наурыз мерекесі әр отбасында құрмет пен сүйіспеншіліктің, қуаныш пен шаттықтың дәнекері болуына тілектеспіз.

Әдістемелік десант «Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары»

15.03.2017Облыстық әдістемелік кабинет «Дарынды балаларды психологиялық  тұрғыда  анықтау және зерттеу жолдары» тақырыбында Талдықорған қаласының қазақ - түрік жасөспірімдер лицей – интернатында әдістемелік десант өткізді.

Аймақтық семинар: Сабақтастық - шағын жинақты мектептегі сапалы білім кепілі

15.03.2017Облыстық әдістемелік кабинеттің  ұйымдастыруымен «Сабақтастық - шағын жинақты мектептегі сапалы білім кепілі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға Балқаш, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарынан ШЖМ мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты. 

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

13.03.2017 «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» Шығармашылық сайыстың басты мақсаты: инновациялық  әдіс – тәсілдерді қолдану және педагогикалық кәсіби шеберліктерін насихаттау болды. 

Облыстық семинар Қалыптастырушы бағалау - оқыту тәсілі

10.03.2017Шығармашылықпен жұмыс жасайтын облыс педагогтарының қалыптастырушы бағалауды қолдануда сапалы білімге қол жеткізудегі іс-тәжірибелермен алмасу және тәжірибелердің таралуына қолдау көрсету мақсатында «Қалыптастырушы бағалау - оқыту тәсілі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Құрметті әріптестер!!!

07.03.2017Сіздерді көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз! Әр таңдарыңыз арайлап атып, шабыт пен махаббатқа толы болсын демекпіз!

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

06.03.2017ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ XXVI ОБЛЫСТЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 2017 жылдың 4-6 наурызында Есік гуманитарлық-экономикалық,  Талдықорған политехникалық колледждерінің  базасында ұйымдастырылған конференция  жұмысына 600-ден астам мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары қатысып, 28 бағыт бойынша ғылыми ізденіс жұмыстарын қорғады.

Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы

01.03.2017Алматы облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылы 01 наурызда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің физика-математика және жаратылыстану-техникалық факультеттерімен бірлесіп пән мұғалімдерінің олимпиадалық күрделіжәне логикалық тапсырмаларды орындау әдістемесін жетілдіру және педагог мәртебесін арттыру мақсатында пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті.

Жас мамандар

28.02.2017«Қиындық туғызатын есептерді шешу әдістемесі» тақырыбындағы аймақтық шебер-класс туралы мәлімет Жас мамандардың күрделі есептерді шығаруда  білімі мен білігін қалыптастыру мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылғы 28 ақпанында Талдықорған қаласы №14 орта мектеп- гимназиясы базасында «Қиындық туғызатын есептерді шешу әдістемесі» тақырыбында аймақтық шебер-класс өткізді. 

Облыстық online семинар

28.02.2017«Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауда эссе жазуға дайындау жолдары»  тақырыбындағы облыстық online семинар 2017 жылдың 28 ақпан күні облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауда жазбаша емтихан эссеге  дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында  «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауда эссе жазуға дайындау жолдары» тақырыбында online режимінде облыстық семинар өтті. 

Әдістемелік десант

28.02.2017Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаны кәсіби қалыптастырудағы колледж жұмысын жүйелеудің жолдары 2017 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Талдықорған қаласы, Қ. Байсейітов атындағы саз  колледжінде «Кәсіби, білікті мамандарды  қалыптастыруда жаңашыл әдістер мен формаларды тәжірибеде қолданудың жолдары» мақсатында әдістемелік десант жұмысы ұйымдастырылды.

Облыстық online семинар

24.02.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында география, биология және химия пәндерінен  мектеп бітірушілерін қорытынды аттестациялауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мектеп бітірушілерді география пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары» тақырыбымен облыстық оn-line семинар өткізілді.

Әдістемелік десант

22.02.2017 «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант        22 ақпан  2017 жылы Көксу ауданында  психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік  және практикалық көмек көрсету мақсатында «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Ашық есік: Облыстағы пилоттық мектептердегі ашық есік күндері

16.02.201725 қаңтар мен 16 ақпан аралығында Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп пен Жаркент қаласындағы Х.Хамраев атындағы  пилоттық орта мектептерде 1,2 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытып жатқан бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында ашық есік күндері өтті.

Облыстық семинар: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

26.01.2017Жобалау әрекеті арқылы  мектеп жасына дейінгі баланың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда тәрбиешілердің тәжірибелерін тарату мақсатында 2017 жылы 26 қаңтарда  Іле ауданы Боралдай кенті «Балдаурен» балабақша базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Әдістемелік десант «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант

26.01.201726 қаңтар 2017 жылы Жамбыл ауданында химия, биология пәнін сапалы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, пәндік білім сапаны көтеруде кеңестер беру және өзара тәжірибе алмасуына қолдау көрсету мақсатында «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десант

25.01.2017«Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант   25 қаңтар  2017 жылы Ескелді  ауданында  психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік  және практикалық көмек көрсету мақсатында «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары»  тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Аймақтық семинар: Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауда зертханалық құрылғылар мен электрондық оқулықтардың тиімділігі

24.01.2017Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жүргізуде пән мұғалімдерінің кәсіби-интеллектуалдық шеберліктерін дамыту және өзара тәжірибе алмасуына қолдау көрсету мақсатында "Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауда зертханалық құрылғылар мен электрондық оқулықтардың тиімділігі" тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Облыстық «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» атты семинар

23.01.2017Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибеге енгізудегі озық педагогикалық іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицей» базасында «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» тақырыбында 4 педагогикалық студияда  семинар өтті.

Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі

27.12.2016«Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық семинар туралы мәлімет Физика пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын насихаттау мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 21 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, №23 орта мектебінің базасында «Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында аймақтық семинар  өткізді.

«Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері»

25.11.2016 «Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері» атты  аймақтық семинар Жекелеген пәндерді билингвальді әдіспен оқытатын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылығы мен іскерлігін жетілдіруге ықпал ету мақсатында  Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылы  21 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық орта мектебі базасында «Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында аймақтық семинар  өткізді.
Читать все новости →

Кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру

10.10.2017Кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы "Педагогикалық өлшеулер орталығы" (бұдан әрі - ПӨО) филиалының кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету жөніндегі осы Ережесі

Әдістемелік күн

22.05.2017Облыстық әдістемелік кабинет 2017 жылдың 26 мамыр күні  Сарқан политехникалық колледжінің  базасында  «Білім беру үдерісіндегі белсенді стратегиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік күн  өткізетіндігін хабарлайды.

Облыстық оқыту семинары

17.05.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19 мамыр күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет базасында «Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» атты облыстық оқыту семинары өтетіндігін хабарлайды.

Әдістемелік күн

15.05.2017Облыстық әдістемелік кабинет 2017 жылдың 19 мамыр күні  Текелі кәсіптік  колледжінің  базасында  «Білім беру үдерісіндегі белсенді стратегиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік күн  өткізетіндігін хабарлайды.

Дискуссиялық алаң

15.05.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебі базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1 сыныпта оқыту үрдісін ұйымдастыру»   атты облыстық дискуссиялық алаң өтетіндігін хабарлайды.    

«Жігер» жас педагогтар шығармашылық тобының отырысы

12.05.201717 мамыр күні әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жігер» жас  педагогтар шығармашылық тобының «Шебер–класс информалды білім алу нысаны ретінде» кезекті отырысы өтеді. 

Семинар

12.05.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 15 мамыр күні Талдықорған қаласы Абай атындағы орта мектеп-гимназия базасында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптағы пәндердің оқытылу ерекшелігі» атты аймақтық семинар өтетіндігін хабарлайды.

Әдістемелік кеңес

04.05.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 04 мамыр күні  Талдықорған қаласындағы «Бизнес, құқық және жаңа технологиялар» колледжінің  базасында   әдістемелік  Кеңес  өткізетіндігін хабарлайды.

Білімді ұрпақ - болашақ жетістігі

14.04.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 20 сәуір күні  Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің базасында   «Білімді ұрпақ - болашақ жетістігі» тақырыбындағы  жалпы білім беретін және мамандықтар бойынша облыстық олимпиада  өткізетіндігін хабарлайды.

Жас педагогтардың ІІІ Республикалық сайысы

11.04.201717-22 сәуір күндері жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін жоғарлату және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ Республикалық сайыс Ақмола облысы «Балдаурен» РМҚК  РОСО базасында өтеді. Алматы облысы бойынша І іріктеу кезеңінен өткен  Қ. Жақсыбаев, С.Кенжебекова,  Е.Омархановтар сайыстың ІІ кезеңіне  қатысуға жолдама алды.

Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі

27.03.2017Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 29 наурызында Талдықорған қаласы №11 Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектебі базасында облыстық «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Қ. Бітібаеваның технологиясы үлгісінде «Абай және Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытудың инновациялық әдістемесі»

27.03.20172017 жылдың 29 наурызы күні әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  үшін облыстық сырттай бейнесабақ байқауы  өткізетінін хабарлаймыз.

Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары

24.03.201711 сынып оқушыларын Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында 2017 жыл 30 наурыз күні  Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы  базасында «Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбында on-line режимінде (тарих пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтетінін хабарлаймыз.

Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары

24.03.20172017 жыл 29 наурыз күні Талдықорған қаласы Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында «Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбында онлайн режимінде (физика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтетінін хабарлаймыз.  

Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері

24.03.2017 Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға  дайындау мәселелері 2017 жыл 28 наурыз күні Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында «Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен онлайн режимі бойынша (математика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтетінін хабарлаймыз.

Үздік дефектолог - 2017

24.03.2017     2017 жылдың 28 наурызында  әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын дефектологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық конкурстың өтетіні туралы хабарлаймыз.

Облыстық семинар

18.03.20172017 жылдың 25 наурызында  Талдықорған қаласы №25 орта мектебінде Алматы облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлерінің орталығымен бірлесіп «ҚР бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалауды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтетіндігі туралы хабарлайды. 

Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші

8.03.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 13 наурыз күні   Талдықорған сервис және технология   колледжінде «Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында үздік сабақтар фестивалін  өткізетіндігін хабарлайды.

Дискуссиялық алаң

24.02.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 28 ақпанында  (басталуы сағ. 09.30) Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы орта мектеп базасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш және орта буын сабақтастығын қалыптастырудағы педагогтар тәжірибесін тарату  мақсатында «Шағын жинақты бастауыш және орта мектептер жағдайындағы сабақтастық» тақырыбында дискуссиялық алаң  өтетіндігі туралы хабарлайды.

Әдістемелік десант

23.02.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 28 ақпан  мен 2 наурыз аралығында  Қ. Байсеитов атындағы Талдықорған саз  колледжінде «Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаны кәсіби қалыптастырудағы колледж жұмысын жүйелеудің жолдары» тақырыбында әдістемелік десант жұмысын  өткізетіндігін хабарлайды.

Оқыту семинары

23.02.2017Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 02-04 наурыз аралығында   колледж  директорының оқу жұмысының орынбасарлары мен әдіскерлеріне Талдықорған гуманитарлық - техникалық  колледжінің базасында «Модульдік-кредиттік технологиялардың талаптары негізінде техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын жаңарту»тақырыбында оқыту  семинарын  өткізетіндігін  хабарлайды.

Кіші ғылым академиясының ХХVI ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

15.02.2017Алматы облыстық білім басқармасы мен әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 04 наурызда Есік гуманитарлық-экономикалық, 06 наурызда Талдықорған политехникалық колледждерінде «Қазақстан Республикасы  Кіші ғылым академиясының ХХVI ғылыми-практикалық конференциясын өткізетіндігін хабарлайды.
Читать все объявления →

Сауалнамалар

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 151
© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші